CHOOSE YOUR STYLE

Choose a color via Color picker or click the predefined style names!


LIGHT OR DARK


PREDEFINED SKINS


This tools is just for demo site.

БІЗ ТУРАЛЫ

AB Energo (АБ Энерго) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғашқы рет энергетика нарығында өзін 2004 жылы танытты. Кәсіпорынның Энергеия үнемдегіш компания ретіндегі негізгі әрекет түрі ол электр энергияны көтерме және бөлшек нарықтарында өткізу. Компания өз әрекетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен берілген лицензиясы негізінде жүзеге асырады. Жылдар бойы әрекет ету барасында AB Energo (АБ Энерго) өзін сенімді және адал қызметтерді жеткізуші ретінде көрсете білді. AB Energo (АБ Энерго) компаниясының энергия өндіруші және энергия жеткізуші ұйымдарымен құрылған қарым қатнастары сартпап және берік, бұл өз алдына, еліміздің энергетика нарығындағы жетекші ұйымдармен құрылған екіжақты ұзақ мерзімді шарттармен дәлелденеді, олар:

Энергия өндіруші компаниялар:
«Булат Нуржанов атындағы Екібастұздық МАЭС-1» ЖШС, «Kazakhmys Energy» ЖШС (Казахмыс Энерджи), «АЭС Шульбин СЭСі» ЖШС, «Таразэнероцентр» АҚ, «Евроазиатская энергетическая корпорация» АҚ, «Станция ЭГРЭС-2» АҚ, «Алюминий Казахстана» АҚ, «Мойнақ ГЭСі» АҚ, «Бухтарма СЭСі» және басқ.

Энергия жеткізуші компаниялар:
«KEGOC» АҚ, «Жезқазған қаласының үлестіруші электр желілік компаниясы» АҚ, «Қарағанды Жарық» ЖШС, «Шығыс Қазақстанның аймақтық энергетикалыұ крмпания" АҚ, «Уранэнерго» ЖШС, «Kazakhmys Distribution (Казахмыс Дистрибьюшн) ЖШС және басқ. ҚР аумағындағы біздің тұтынушылардың орналасу географиясына кіретін облыстар Қарағанды облысы, Ақмола облысы, Жамбыл облысы, Жамбыл облысы, Шымкент облысы, Қызылорда облысы, Шығыс-Қазақстан облыстары, Қостанай облысы және басқа да облыстар. Тұтынушымыз болып табылатын кәсіпорындар: «Казцинк» ЖШС, «АрселорМиттал Темиртау» АҚ, «Казфосфат» ЖШС, «Tau-Ken Temir» ЖШС, «АК Алтыналмас» АҚ, «СП Катко» ЖШС, «СП «Южная горно-химическая компания» ЖШС, «Каражыра» ЖШС және басқ.

Біздің кәсіпорын күн сайын 600 МВт астам электр энергияның жеткізілуін жүзеге асырады.

Кәсіпорнымыздың даму стратегиясы төмендегідей түйінді индикаторлардан тұрады:

 

  • • Электр энергияны жеткізудің тәуліктік көлемдерін 1000 МВт-қа дейін ұлғайту;
  • • Қызметтерді көрсету және сервис көрсету саласында алдынғы қатарлы тәжрибелер мен амалдарды еңгізу;
  • • Серіктестер мен тұтынушылармен жалғасатын қарым-қатнастарымызды жеңілдету мақсатында ішкі үдерістерді оңтайландыруды және автоматтандыруды жүзеге асыру.

 

Құрылу сәтінен бастап компанияның менеджмент жүйесімен ашықтық, адалдық, тәртіптік, адам еңбегіне ізеттілік құрмет көрсету және қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау сияқты қағидалармен негізделген құндылықтар салынған.

Біздің компания абырой-беделін бағалайтын сенімді серіктес және өзіне қабылдаған міндеттемелерді адал орындаушы компания болып табылады.

Scroll to Top